
14 маусым күні «Құлагер» ипподромында ұлттық рух пен бәйге өнерінің дүбірлі думаны – бәйгеден Қазақстан Республикасының чемпионаты өтеді!
Еліміздің үздік шабандоздары 22,7 миллион теңге жүлде қоры мен ақтық сынға жолдама үшін бақ сынасады.
Бағдарламада: құнан бәйге, топ бәйге, аламан бәйге және жорға жарыс. Жарыстардың басталуы — сағат 12:00-де.
Аталған дүбірлі дода Солтүстік Қазақстан облысы әкімдігінің, Ұлттық спорт түрлері қауымдастығының, Бәйге федерациясының және ҚР Туризм және спорт министрлігінің қолдауымен өткізіледі.
Кіру тегін. Баршаңызды асыға күтеміз!

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/sko-sport/press/news/details/1015921?lang=kk
Жауап қалдыру