
Минск, 2025 жылғы 12 маусым – Қазақстанның Беларусьтегі Елшісі
Т.Жақсылықов Беларусь мемлекеттік университетінің ректоры А.Корольмен кездесті.
Әңгімелесу барысында ғылым мен білім саласындағы қазақ-белорус ынтымақтастығының өзекті мәселелері, оның ішінде Қазақстан мен Беларусьтің ҒЗИ мен жоғары оқу орындары арасындағы Ғылыми-білім беру консорциумы жұмысының, сондай-ақ алдағы екі елдің жоғары оқу орындары ректорларының I форумының маңыздылығы талқыланды.
А.Король БМУ-дың бірқатар қазақстандық жоғары оқу орындарымен белсенді өзара іс-қимылы туралы баяндап, Ғылыми-білім беру консорциумының құрамын кеңейту қажеттігін атап өтті.
Т. Жақсылықов БМУ-ді 15 қазанда Астанада және 16 қазанда Алматыда өтетін жыл сайынғы «International Education Fair – 2025» халықаралық білім беру көрмесінің жұмысына қатысуға шақырды.

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/mfa-minsk/press/news/details/1016578?lang=kk

Жауап қалдыру