
2025 жылғы 13 маусымда Семей қаласының “Семей медицина университеті” КЕАҚ алаңында ҚР ДСМ Медициналық және фармацевтикалық бақылау комитетінің Абай облысы бойынша департаменті д дәрілік заттарды таңбалау мен қадағалау талаптарын сақтауға бағытталған кезекті кеңес ұйымдастырып, өткізді. Кеңеске дәрілік заттарды көтерме-бөлшек сатуды жүзеге асыратын фармацевтикалық нарық субъектілері қатысты.
Бүгінгі күні Қазақстанда 2024 жылғы 1 шілдеден кейін өндірілген барлық дәрілік заттар міндетті таңбалауға жатады.
Қадағалаудың жаңа тетігі фармакологиялық қадағалаудың тиімділігін арттырудың, өндіріс сатысынан бастап соңғы тұтынушыға дейінгі препараттардың сапасын бақылаудың барлық жолын қамтиды. Жалған өнімге қарсы әрекет ету мақсатында енгізіледі. Бұл тетік дәрілік заттарды ұтымды пайдалануға және сатып алуды жоспарлауға, сондай-ақ пациентке бағдарланған толыққанды және сенімді дәрілік қамтамасыз етуді қалыптастыруға жәрдемдеседі.
Қазір елімізде дәрілік заттардың айналымын бақылауды күшейту бойынша жұмыстар жүргізілуде. ҚР ДСМ тапсырмасы бойынша Департамент ДЗ дәріханаларының медициналық препараттарын уақтылы қабылдау және айналымнан шығару бойынша күнделікті бақылау жүргізеді.
Кездесу барысында қатысушылардың белсенді қатысуымен өзекті және проблемалық мәселелер мен оларды шешу жолдары талқыланды.
Департамент тұрақты негізде Семей қаласы, Академик Павлов көшесі 60 мекенжайы бойынша түсіндіру жұмыстарын жүргізеді.

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/dkmfk-abay/press/news/details/1017215?lang=kk
Жауап қалдыру