Мобильді сыбайлас жемқорлыққа қарсы топ Жарқайың ауданының тұрғындарына құқықтық қолдау көрсетті

Жарияланды:

Автор:

категорияда

Ағымдағы жылдың 12 маусымында тегін заң көмегін көрсету және «Заң мен тәртіп» қағидатын ілгерілету аясында Ақмола облысы бойынша Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет мобильді топтың Жарқайың ауданына шығуын ұйымдастырды.

Құқықтық консультацияларды адвокаттар, нотариустар, сот орындаушылары, жергілікті атқарушы және құқық қорғау органдарының өкілдері, сондай-ақ өңірдің Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметінің қызметкерлері ұсынды.

Азаматтар еңбек дауларын шешу, талап арыз беру, сондай-ақ зейнетақы төлемдері мәселелері бойынша жүгінді.

Кездесу қорытындысы бойынша барлық өтініш білдірушілерге білікті консультативтік-құқықтық көмек көрсетіліп, қолданыстағы заңнама нормаларына сәйкес түсініктемелер берілді.

Айта кетейік, мобильді сыбайлас жемқорлыққа қарсы топтың шығуы Ақмола облысының барлық аудандарына жоспарланған.

 

#Заң_мен_Тәртіп #ЗАҢменТӘРТІП

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/anticorruption-aqmola/press/news/details/1017338?lang=kk


Комментарии

Жауап қалдыру

Сіздің электрондық пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Қажетті өрістер * белгісімен белгіленеді