
2025 жылғы 13 маусым күні сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті қалыптастыруға бағытталған іс-шара өтті.
Іс-шараға “Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл ауданаралық басқармасы”-ның басшысы Кабдыкешов Ролан Мәжітұлы және “ҚР Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің Қарағанды облысы бойынша департаменті жанындағы сыбайлас жемқорлыққа қарсы ақпараттық-ағартушылық пул спикері” Абишев Жомарт Сүлейменұлы арнайы қатысып, сыбайлас жемқорлықтың алдын алу, қоғамда парасаттылық қағидаттарын нығайту және азаматтық жауапкершілікті арттыру мәселелері бойынша баяндама жасады.
Шараға қалалық мәслихат депутаттары, қоғамдық кеңестің мүшелері, жергілікті өзін-өзі басқарудың аумақтық кеңес мүшелері және мемлекеттік мекеме қызметшілері қатысты.
Кездесу барысында қатысушылар сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимылдың өзекті бағыттарын, ашықтық пен есептілік қағидаттарын енгізу, сондай-ақ мемлекеттік қызметшілер арасында адалдық пен этикалық нормаларды насихаттау мәселелерін талқылады.
Іс-шара қорытындысы бойынша сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті қоғамда кеңінен қалыптастыру мақсатында түсіндіру және алдын алу шараларын жүйелі түрде жүргізу қажеттілігі атап өтілді.

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/maslihat-karaganda-priozersk/press/news/details/1017305?lang=kk
Жауап қалдыру