САРЫАҒАШ: ЖАСТАР АРАСЫНДА «АУЫЛ FEST» САЙЫСЫ ӨТТІ

Жарияланды:

Автор:

категорияда

 

Сарыағаш ауданына қарасты Дербісек ауылдық округінде «Ауылдағы бір күнім» тақырыбында жастар арасында ұлттық құндылықтар мен салт-дәстүрлерді кеңінен насихаттау мақсатында аудандық сайыс өтті. Сайыстың салтанатты ашылу рәсімінде аудандық жастар ресурстық орталығы КММ-нің басшысы Н.Отаров сөз алып, сайысқа қатысушыларға сәттілік тіледі.

Аталған жарысқа 14-35 жас аралығындағы қала және ауылдық округтері жастарынан құрылған 7 команда, жеті кезең бойынша бақ сынады. Ерлер ләңгі тебу, қошқар көтеру, арқан тартыс ойындарына, ал қыздар а таба нан жабу, күбі пісу, құрт жасау және жалпы командалық плоггинг (қоқыс жинау) кезеңдерге қатысты. Әр кезеңнің қорытындысы бойынша жалпы командалық ұпайларымен бағаланып, жеңімпаздар анықталды.

Сайыстың қорытындысы бойынша І орынды «Дарбаза жастары» иеленсе, ІІ орынды Ақжар жастар жеңіп алды. ІІІ орынды «Қызылжар жастары» иеленді. Жеңімпаздар мен қатысушы командаларға бағалы сыйлықтар табысталып, арнай алғыс хаттармен марапатталды.

Сарыағаш ауданы әкімінің баспасөз қызметі

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/turkestan-saryagash/press/news/details/1016836?lang=kk


Комментарии

Жауап қалдыру

Сіздің электрондық пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Қажетті өрістер * белгісімен белгіленеді