АУДАН ӘКІМІ СЫР БОЙЫНДАҒЫ ЕЛДІ МЕКЕНДЕРДЕ БОЛДЫ

Жарияланды:

Автор:

категорияда

Қазақстан Республикасының Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың «Әкімдердің халықпен кездесулерін өткізу туралы» Жарлығына сәйкес, 13 мамыр күні Жаңақорған ауданының әкімі Мажит Самитов Қожакент, Өзгент, Машбек Нәлібаев, Жаңарық және Қыркеңсе ауылдық округтерінің тұрғындарымен кездесті. Бұл кездесулерде ауданның әлеуметтік-экономикалық дамуы, инфрақұрылымдық жобалар және тұрғындардың өзекті мәселелері талқыланды.

Тұрғындармен кездесу жиынына аудандық мәслихат төрағасы Ғалымжан Жарқынбек Ғалымжан, аудан әкімінің орынбасары Бақтияр Ахметов, аудандық ардагерлер кеңесінің төрағасы Өмірсерік Тақырбасов және тиісті бөлімдер мен мекеме басшылары арнайы қатысып, көптің сауалына жауап берді.

Аудан әкімі Мажит Самитов тұрғындармен ашық диалог форматында өткен кездесулерде көтерілген барлық мәселелердің назардан тыс қалмайтынын және олардың шешілуі үшін жүйелі жұмыстар жүргізілетінін атап өтті.

Тұрғындар өз кезегінде аудан басшысының алдында өздерін толғандырып жүрген мәселелерін көтеріп, түрлі ұсыныстарын айтып, алдағы уақытта да осындай кездесулердің жалғасуын тіледі.

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/kyzylorda-zhanakorgan/press/news/details/1017475?lang=kk


Комментарии

Жауап қалдыру

Сіздің электрондық пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Қажетті өрістер * белгісімен белгіленеді