
2025 жылдың 12 маусымында Қостанай облысы Әділет департаментінің сот орындаушылары қызметін реттеу және бақылау бөлімінің қызметкерлері Қостанай ауданына қарасты «Октябрь ауылдық округі әкімінің аппараты» мемлекеттік мекемесінің қызметкерлерімен ақпараттық-түсіндіру семинарын өткізді.
Іс-шараның негізгі мақсаты – қоғам санасында «Жемқорлық – індет, онымен күресу – міндет» қағидасын қалыптастыру және осы жағымсыз құбылысқа қарсы бүкіл қоғамды жұмылдыру.
Семинар барысында сыбайлас жемқорлыққа қарсы саясаттың негізгі аспектілері мен әділетті және ашық қоғам құрудағы әрбір азаматтың рөлі талқыланды. Мемлекеттік орган қызметкерлері арасында сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті қалыптастыру мәселесіне ерекше назар аударылды.
Қостанай облысы
Әділет Департаментінің
Баспасөз қызметі
Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/adilet-kst/press/news/details/1016825?lang=kk
Жауап қалдыру