Атырауда Мемлекеттік рәміздер күніне арналған салтанатты іс-шара өтті

Жарияланды:

Автор:

категорияда
4 маусым-Мемлекеттік рәміздер күніне орай рәміздер алаңында салтанатты іс-шара өтті.  Іс-шараға Атырау облысы полиция департаментінің бастығы полиция генерал-майоры Нұрхат Оразбаев қатысты. Салтанатты жиын барысында Қазақстан Республикасының Мемлекеттік туын көтеру рәсімі өткізілді. Бұл – ел егемендігінің басты белгілерінің бірі болып саналатын рәміздерге деген құрметтің жарқын көрінісі.
Шараға құқық қорғау органдарының қызметкерлері, ардагерлер, жас қызметкерлер мен қала тұрғындары қатысты. Жиын барысында қатысушылар Мемлекеттік рәміздерге құрмет көрсетіп, ел бірлігі мен патриоттық рухты дәріптеді.
 
#Көк_тудың_желбірегені
#Менің_елім_менің_тілім
#Бір_ту_бір_ел

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/mvd-atyrau/press/news/details/1012064?lang=kk


Комментарии

Жауап қалдыру

Сіздің электрондық пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Қажетті өрістер * белгісімен белгіленеді