Бүгінгі күні қоғам алдында өзекті мәселенің бірі – кәмелетке толмағандар арасындағы құқық бұзушылықтарды болдырмау және алдын – алу.
Осы орайда «Заң және Тәртіп» қағидаты аясында Қызылорда облысының прокуратурасының бастамасымен кәмелетке толмағандарға құқық бұзушылықтың салдарына қатысты қойылым ұйымдастырылды.
Іс – шараның негізгі мақсаты – оқушылардың құқықтық сауаттылығын арттыру, заңға және оның үстемдігі қағидатына құрмет қалыптастыру, сондай-ақ балалардың шығармашылық әлеуетін жетілдіру болып табылады.
Бұл бағыттағы шаралар кәмелетке толмағандар арасында құқық бұзушылықтың алдын-алуға, олардың құқықтық мәдениетін қалыптастыруға оң ықпалын тигізеді.
Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/prokuratura-kyzylorda/press/news/details/1017493?lang=kk
Жауап қалдыру