Ақтөбе қаласында құрбан шалуға арналған 4 орын белгіленді

Жарияланды:

Автор:

категорияда

Құрметті Ақтөбе қаласының тұрғындары!
Құрбан айт мерекесі а.ж 6 маусым күні аталып өтіледі.
Осыған орай, Ақтөбе қаласы аумағында арнайы құрбан шалуға арналған орындар белгіленді.

Құрбан шалынатын орындар:
-Мал базарында орналасқан «Есік» ЖШС-і мен «Молдабеков» ЖК аумағы.
-41-разъездегі «Айбек» АШӨК аумағы.
– Жаңақоныс тұрғын алабындағы 640 учаскеде орналасқан «Қасымов и К» ЖК алаңы.
– Рауан тұрғын алабындағы «Жібек жол» базар аумағы.

Құрбан айт – жақсылық пен жанашырлықтың, рухани бірліктің мерекесі. Ақтөбе қаласы тұрғындарын қоғамдық тәртіп пен тазалықты сақтауға және арнайы орындарда құрбандық шалуға шақырамыз.

 

 

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/aktobe-din/press/news/details/1011990?lang=kk


Комментарии

Жауап қалдыру

Сіздің электрондық пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Қажетті өрістер * белгісімен белгіленеді