“БЖЗҚ” АҚ-дағы ашық есік күні: зейнетақы жүйесіндегі құқықтар және алаяқтықтан қорғану жолдары туралы айтамыз

Жарияланды:

Автор:

категорияда

2025 жылғы 11 маусымда “БЖЗҚ” АҚ (БЖЗҚ, Қор) онлайн-форматта “Сіздің зейнетақы жүйесіндегі құқықтарыңыз: алаяқтардың құрбаны болмау жолдары” тақырыбында “Ашық есік күнін” өткізеді.

Мақсаты – халықтың  зейнетақы жинақтарының сақталуын қамтамасыз ету жөніндегі іс-шаралар, алаяқтық схемалардан қорғану тәсілдері, сондай-ақ тікелей “БЖЗҚ” АҚ-дан сенімді ақпарат алудың маңыздылығы туралы түсініктерін арттыру.

Іс-шараны өткізу барысында қатысушыларға ақпаратты ресми көздерден және тікелей Қордан алудың неліктен маңызды екендігі, қызмет көрсету бойынша заңды ұсыныстарды алаяқтық схемалардан қалай ажыратуға болатындығы, ақылы кеңес беру қызметтерін ұсынатын бөгде адамдардан қандай қауіптер туындауы мүмкін екендігі туралы түсініктемелер беріледі.

Бұған қоса, өңірлік бөлімшелердің жауапты қызметкерлері сұрақтарға жауап беріп, іс-шараға келушілерге жеке кеңес береді.

«Ашық есік күні» 2025 жылдың 11 маусымы күні онлайн-форматта өткізіледі.

Сағат 10:00 де сілтеме: https://enpf.webex.com/enpf/j.php?MTID=mc049906090e902285d4dc6406b6775de  бойынша өтуі керек. Содан кейін event-кеңестің нөмірін 2514 010 0978 және event-кеңестің паролін: 123456 енгізу қажет.   

Сағат 12:00 де сілтеме: https://enpf.webex.com/enpf/j.php?MTID=m87ec33bea4e6258bd48f878c175c7a06

бойынша өтуі керек. Содан кейін event-кеңестің нөмірін 2516 196 3835 және event-кеңестің паролін: 123456 енгізу қажет.

 Сағат 15:00 де сілтеме: https://enpf.webex.com/enpf/j.php?MTID=mcfe127563229b5ee5b128711ab1d07dc

бойынша өтуі керек. Содан кейін event-кеңестің нөмірін 2514 113 1380 және event-кеңестің паролін: 123456 енгізу қажет.

 

“БЖЗҚ” АҚ өз салымшыларын, алушыларын, БАҚ өкілдерін және қатысуға ниетті барлық азаматтарды «Ашық есік күнінде» қуана күтеді!

 

 

 

 

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/turkestan-kalasy/press/news/details/1011967?lang=kk


Комментарии

Жауап қалдыру

Сіздің электрондық пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Қажетті өрістер * белгісімен белгіленеді