ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ МЕМЛЕКЕТТІК РӘМІЗДЕР КҮНІ

Жарияланды:

Автор:

категорияда

Құрметті округ тұрғындары және қонақтар!

         Сіздерді бүгінгі Мемлекеттік рәміздер күнімен құттықтаймыз! 1992 жылы 4 маусымда Қазақстанның мемлекеттік рәміздері бекітілді. «Қазақстан Республикасының Мемлекеттік рәміздері туралы» Конституциялық Заң 2007 жылы 4 маусымда қабылданды. Осы Заңға сәйкес жыл сайын 4 маусым Қазақстанда Мемлекеттік рәміздер тәуелсіздік нышаны ретінде ерекше қадірленіп, оларға биік мәртебе беріледі.

Сіздерді бүгінгі 4 маусым, Мемлекеттік рәміздер күнімен құттықтаймыз! Аспан түсті Туы, асқақ әнұраны, айбынды Елтаңбасы бар Егеменді Қазақстан Республикасы жасай берсін! Әрдайым еліміз тыныш, халқымыз аман, туымыздың мәртебесі биік болсын!

      Осы мереке Қаратал ауылдық округінде «Менің рәміздерім – менің мақтанышым!» тақырыбымен аталып өтті.

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/zhetysu-eskeldy-karatal/press/news/details/1011946?lang=kk


Комментарии

Жауап қалдыру

Сіздің электрондық пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Қажетті өрістер * белгісімен белгіленеді