
2025 жылғы 4 маусымда Жамбыл ауданы әкімдігінің жанынан шекара мәселелері жөніндегі үйлестіру кеңесінің отырысы өтті. Кездесу аясында 2025 жылдың екінші тоқсанындағы жұмыс қорытындысы шығарылды, сондай-ақ өңірдегі шекаралық қауіпсіздікті қамтамасыз етудің негізгі мәселелері қаралды.
2025 жылғы 4 наурызда Жамбыл ауданы әкімдігінің жанынан шекара мәселелері жөніндегі үйлестіру кеңесінің отырысы өтті, онда 2025 жылғы 1 тоқсандағы жұмыстың қорытындысы шығарылды, шекара заңнамасын сақтау бойынша бұқаралық ақпарат құралдары арқылы жергілікті халықты ақпараттандыру бойынша жүргізілген түсіндіру жұмыстары туралы.
Жамбыл ауданы әкімдігі жанындағы шекара мәселелері жөніндегі үйлестіру кеңесінің жұмысын қорытындылау бойынша ақпаратпен ҚР ҰҚК ШҚ СҚО бойынша департаментінің “Қызылжар” шекара бөлімінің бастығы, майор Құрбанов Берік Серікұлы сөз сөйледі.
Шекара маңындағы аумақта қоғамдық тәртіпті сақтау мәселелеріне ерекше назар аударылды. Есепті кезеңде шекара аймағын патрульдеу және қадағалау жөніндегі шаралар күшейтілгені, сондай-ақ шекара заңнамасын бұзушылықтарды анықтау және жолын кесу жөніндегі іс-шаралар жүргізілгені атап өтілді.
Отырыс барысында шекара қауіпсіздігін қамтамасыз етуге ерікті жасақтардың қатысу нысандары мен тиімділігі талқыланды. Шекара органдарына күдікті адамдарды анықтауға, профилактикалық іс-шаралар жүргізуге және халықты ақпараттандыруға жәрдем көрсететін азаматтық белсенділердің үлесі атап өтілді.
Сондай-ақ, жергілікті тұрғындармен жүргізілген түсіндіру жұмыстарына баса назар аударылды. Бұқаралық ақпарат құралдары арқылы және тұрғындармен кездесулер барысында шекаралық режим мен заңнама талаптарын сақтау бөлігінде халықтың құқықтық сауаттылығын арттыруға бағытталған белсенді ақпараттық-ағарту қызметі жүргізілді.
Отырыс қорытындысы бойынша Жамбыл ауданының шекара маңындағы аумағында тұрақтылық пен қауіпсіздікті қамтамасыз ету үшін жергілікті атқарушы билік органдары, құқық қорғау құрылымдары мен азаматтық қоғам арасындағы өзара іс-қимылды одан әрі күшейту жөнінде нақты тапсырмалар берілді.

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/sko-zhambyl/press/news/details/1011916?lang=kk
Жауап қалдыру