
Қонаев қаласында жергілікті полицияның тұрмыстық зорлық-зомбылыққа қарсы күрес бөлімінің мұрындық болуымен тұрмыстық зорлық-зомбылықтың алдын алуға қатысты дөңгелек үстел өтті. Шараға қатысқан мемлекеттік орган өкілдері, үкіметтік емес ұйымдар, діни бірлестіктер, қоғамдық кеңес мүшелері, сондай-ақ, әйелдер мен балалардың құқықтарын қорғау бағытында еңбек етіп жүрген мамандар халықтың осал тобына құқықтық кеңес беру, зорлық-зомбылықтан қорғау мәселесін талқылады.
Полиция мен азаматтық қоғам өкілдері отбасындағы келеңсіз жағдайларды ерте анықтау тетіктерін, ведомствоаралық өзара іс-қимыл алгоритмін, тұрғындардың құқықтық сауатын арттыру бағытында пікір алмасып, зорлық-зомбылық құрбандарына шұғыл көмек көрсету жолдары мен отбасының, мектептің және қоғамдық институттардың зорлық-зомбылықтың алдын алудағы рөліне тоқталды.
Полиция өкілдері қазіргі таңда тұрмыстық зорлық туралы сигналдарға ден қою тәртібі, жәбірленушілерді қорғау, қорғаныс нұсқамаларын шығару және қолдау орталықтарымен өзара әрекет етуге қатысты жан-жақты ақпарат берді.
– Біз тек қылмыстың салдарымен күресіп қана қоймай, оның алдын алуға да дайынбыз, зорлық-зомбылыққа мүлдем төзбеушілік ахуалын қалыптастыру – тек бірлескен күш-жігердің нәтижесі болмақ, – деді бөлім қызметкерлері.
Жиынға қатысушылар мұндай диалог алаңдарының маңыздылығын ерекше атап өтті.
Шара соңында қылмыстың алдын-алу жұмысын күшейтуге және полиция мен азаматтық қоғам арасындағы әріптестік байланысты кеңейтуге нақты қадамдар белгіленді.
Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/mvd-alm/press/news/details/1011870?lang=kk
Жауап қалдыру