4 Маусым – Мемлекеттік рәміздер күні

Жарияланды:

Автор:

категорияда

Бұл күн – тәуелсіздігіміздің, бірлігіміздің, болашағымызға деген сенімнің айқын көрінісі. Мемлекеттік Ту, Елтаңба және Әнұран – халқымыздың рухын көтеріп, ұлттық мақтанышымызға айналған құндылықтар.

Бүгін Орал қаласындағы ҚР Тұңғыш Президенті алаңында Мемлекеттік Ту көтеру рәсімі өтті. Салтанатты шараға облыстық білім басқармасының басшысы Елдос Сафуллин қатысты. Сонымен қатар, облыстағы барлық білім беру ұйымдарында рәміздер күні кеңінен аталып өтуде.

🌟 Мемлекеттік рәміздер – тек белгілер емес, олар – әрбір қазақстандықтың жүрегінде Отанға деген сүйіспеншілікті оятатын рухани мұра.

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/bko-bilim/press/news/details/1011714?lang=kk


Комментарии

Жауап қалдыру

Сіздің электрондық пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Қажетті өрістер * белгісімен белгіленеді