
Глубокое ауданының аумағындағы “Өскемен – Риддер” автожолында “Howo” маркалы жүк автокөлігінің кабинасында өрт шықты. Оқиға орнына келіп жеткен өрт сөндірушілер есебінің күшімен 6 ш. м. аудандағы өрт сөндірілді.
Зардап шеккендер жоқ.
Өрттен келетін шығынды азайту үшін өрт сөндіргішті пайдалану керек, ол әрқашан көліктің салонында болуы тиіс. Өрт сөндіргіш оңай қол жетімді жерде болуы керек және әрқашан қолдануға дайын болуы керек, ол үшін оның жарамдылық мерзімін уақытылы бақылап тұру қажет.
Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/emer-vko/press/news/details/1011705?lang=kk
Жауап қалдыру