
4 маусым күні мектепте танымдық «Қазақстан рәміздері – тарихтың белестері» атты ойын-саяхат өтті.
Мақсаты – оқушыларды Қазақстан Республикасының мемлекеттік рәміздерімен таныстыру, ел тарихы мен мәдениетіне қызығушылықты арттыру.
Іс-шара Герб, Әнұран, Ту сияқты тақырыптық бекеттерге саяхат түрінде ұйымдастырылды. Қатысушылар топпен жұмыс істеп, тапсырмаларды бірге талқылады.
Ойын жылы, достық атмосферада өтіп, патриоттық сезімді, ұлттық құндылықтарға деген құрметті қалыптастыруға ықпал етті.

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/kostanay-fedorov-kostryakov/press/news/details/1011505?lang=kk
Жауап қалдыру