
13 маусым күні Облыстық жедел және шұғыл медициналық көмек станциясының алдында Медицина қызметкерлері күніне арналған салтанатты іс-шара өтті.
Мерекелік жиынға облыс әкімінің орынбасары Ғалымжан Елеуов, облыстық денсаулық сақтау басқармасының басшысы Ерлан Сұлтангереев, «QAMQOR» кәсіподағының төрағасы Қайрат Сабыр, саланың ардагерлері және өңірдің медицина қызметкерлері қатысты.
Іс-шара аясында:
* 4 дәрігерге қызметтік пәтер кілттері табысталды
* 15 медициналық ұйымға жаңа жедел жәрдем автокөліктері берілді
* Саланың үздік өкілдері республикалық және өңірлік деңгейде марапатталды:
\«Ерен еңбегі» медалімен**,
\«Денсаулық сақтау ісінің үздігі» төсбелгісімен,
\ Денсаулық сақтау министрлігі, әкімдік және кәсіподақ атынан Құрмет грамоталары мен Алғыс хаттарымен.
Салтанатты жиында сөз сөйлеген Қайрат Қанатұлы Сабыр медицина қауымдастығының өңір дамуына қосқан үлесін ерекше атап өтті.
Бұл күн — тек құрмет қана емес, денсаулық пен өмір күзетінде тұрған жандардың еңбегіне деген шынайы мойындау.
Барша медицина қызметкерлерін кәсіби мерекелерімен шын жүректен құттықтаймыз!
Сіздердің жанашырлық пен кәсібилікке толы еңбектеріңіз — алғысқа, құрметке және игілікке бөлене берсін!

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/aktobe-densaulyk/press/news/details/1017554?lang=kk
Жауап қалдыру