«Мемлекеттік Рәміздер күні» мерекесі аталып өтті

Жарияланды:

Автор:

категорияда

Ағымдағы жылдың 4 маусымы күні Департаментте «Қазақстан Республикасының Мемлекеттік Рәміздері» күні мерекесіне орай мерекелік шара өткізілді. Мерекелік шара Департамент басшының құттықтау сөзімен басталып, Мемлекеттік Рәміздер туралы ақпараттар мен насихаттау сөздер айтылды. Мерекелік шара барысында Мемлекеттік Гимн қойылып, Мемлекеттік Рәміздерге деген құрмет көрсетілді.

Мемлекеттік рәміздер – бұл ұлттық мақтанышымыз. Кез келген мемлекеттің айшығы – мемлекеттік рәміздері екені белгілі. Елін, жерін сүю мен Отанға деген адалдықтың бір белгісі – мемлекеттік рәміздерімізді қадір тұту болып табылады. Мемлекеттік рәміздер елдігіміздің белгісі, тәуелсіздігіміздің нышаны. Туды, Әнұранды, Елтаңбаны қастерлеу кім-кімнің де борышы екені айтпасақ та түсінікті. Жас ұрпақты елжандылық негізде тәрбиелеуде де мемлекеттік нышандардың алар орны ерекше.

«Қазақстан Республикасының Мемлекеттік рәміздері туралы» Конституциялық Заң 2007 жылы 4 маусымда қабылданды. Осы Заңға сәйкес жыл сайын 4 маусым Қазақстан Республикасында Мемлекеттік рәміздер күні ретінде мерекеленеді.

Мемлекеттік рәміздер – бұл кез келген мемлекеттің егемендігі мен біртұтастығын бейнелейтін, оның ажырағысыз атрибуттарының бірі. Мемлекеттік Ту, Елтаңба және Әнұран – халқымыздың тарихи жолы мен рухани болмысының айшықты көрінісі. Баршаңызды Рәміздер күнімен құттықтаймыз!

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/dkmfk-kyzylorda/press/news/details/1011360?lang=kk


Комментарии

Жауап қалдыру

Сіздің электрондық пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Қажетті өрістер * белгісімен белгіленеді