Қалалық мәслихаттың тұрақты комиссиясындағы көпшілік тыңдаулар

Жарияланды:

Автор:

категорияда

2025 жылғы 2 маусымда  № 14 орта мектебінде қалалық мәслихаттың тұрақты комиссиясындағы Сәтбаев қаласының кейбір көшелерін қайта атау мәселесі бойынша көпшілік тыңдаулар болып өтті. Көпшілік тыңдауларға мүдделі мемлекеттік органдар мен бұқаралық ақпарат құралдарының, қоғамдық кеңес мүшелері, қаланың құрметті азаматтары және тұрғындар қатысты. Мәдениет және тілдерді дамыту бөлімінің басшысы  Қ.Ж.Төлеш баяндаған ұсыныстар қатысушылардың көпшілік дауысымен қолдауға  ие болды. Қайта атау бойынша ұсыныстар бірлескен қала әкімдігінің қаулысы мен мәслихат шешімін қабылдау үшін  Сәтбаев қалалық мәслихаты сессиясының қарауына енгізілетін болады.

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/maslihat-satpaev/press/news/details/1011312?lang=kk


Комментарии

Жауап қалдыру

Сіздің электрондық пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Қажетті өрістер * белгісімен белгіленеді