Атырауда «Мемлекеттік рәміздер – ұлт мақтанышы» атты дөңгелек үстел өтті

Жарияланды:

Автор:

категорияда

4 маусым – Қазақстан Республикасының Мемлекеттік рәміздер күніне орай Атырау облысы Төтенше жағдайлар департаментінде «Мемлекеттік рәміздер – ұлт мақтанышы» атты дөңгелек үстел өтті.

Жиынға Атырау облысы Ішкі саясат басқармасының Талдау және мониторинг бөлімінің басшысы Сағдат Әділгереев пен ҚР Сауда және интеграция министрлігі Техникалық реттеу және метрология комитетінің Атырау облысы бойынша департаментінің бас маманы Тілекші Бақтығалиева арнайы қатысты.

Дөңгелек үстел барысында Мемлекеттік рәміздерді орнату және орналастыру тәртібі, салтанатты іс-шара кезінде Мемлекеттік Туды көтеру рәсімі, сондай-ақ ҚР Мемлекеттік рәміздерін және олардың бейнелерін қолдануға қатысты құқықтық актілермен белгіленген талаптарды сақтау мәселелері талқыланды.

Іс-шара Мемлекеттік рәміздерге құрметпен қарауға және оларды дұрыс пайдалану жөнінде құқықтық сауаттылықты арттыру мақсатында ұйымдастырылды.

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/atyrau-sayasat/press/news/details/1011306?lang=kk


Комментарии

Жауап қалдыру

Сіздің электрондық пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Қажетті өрістер * белгісімен белгіленеді