
1992 жылдың 4 маусымы – еліміздің тарихындағы маңызды даталардың бірі. Бұл күні Қазақстанның тәуелсіздігі мен бірегейлігін бейнелейтін Мемлекеттік рәміздері айшықталды. Елдіктің белгісі – Ту, Елтаңба мен Әнұран әлемге Қазақстан Республикасы деп аталатын мемлекетті таныстырды.
2007 жылы 4 маусымда «Қазақстан Республикасының Мемлекеттік рәміздері туралы» Конституциялық Заң қабылданды. Онда ұлттық нышандардың сипаттамасы мен пайдалану тәртібі бекітілген. Маңызды құжаттың қабылдануына орай 4 маусым Мемлекеттік рәміздер күні болып белгіленген.
Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/energo/press/news/details/1011305?lang=kk
Жауап қалдыру