Елімізде отбасыға орналасудың жаңа түрі – «Кәсіби қабылдаушы отбасы» енгізілді.

Жарияланды:

Автор:

категорияда
Елімізде отбасыға орналасудың жаңа түрі – «Кәсіби қабылдаушы отбасы» енгізілді.
📣Орталық коммуникациялар қызметінің алаңында өткен дөңгелек үстелде Оқу-ағарту министрлігінің өкілдері 1 шілдеден бастап елімізде балаларды орналастырудың жаңа түрі – кәсіби қабылдаушы отбасы енгізілді. Бұл уақытша шара балаларға қауіпсіз әрі жайлы үй жағдайын жасауға бағытталған.
🗓️Қабылдаушы кәсіби отбасылар бір уақытта төрт балаға дейін қабылдай алады. Әрбір балаға жеке көңіл бөлініп, қамқорлық көрсетіледі. Баланың мұндай отбасында болу мерзімі ең көп дегенде алты айды құрайды.
📌Қабылдаушы кәсіби отбасыларға тек төрт санаттағы балалар ғана орналастырылады:
​•​жетім балалар;
​•​ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балалар;
​•​панасыз және қараусыз қалған балалар;
​•​зорлық-зомбылықтан зардап шеккен балалар.
🗣️Қабылдаушы кәсіби отбасы болуға үміткерлер міндетті түрде жетім балаларға арналған арнайы ұйымдар мен балаларды отбасына орналастыруға көмектесетін аккредиттелген мекемелерде психологиялық дайындықтан өтеді.
✍️Кандидаттарды тағайындау туралы шешімді қамқоршылық органдары қабылдайды. Бұл шешім ұсынылған құжаттардың толықтығы мен заң талаптарына сәйкес қабылданады.
📥Қабылдаушы кәсіби тәрбиешіге әр бала үшін ай сайын жәрдемақы және көрсеткен қызметі үшін қосымша төлем қарастырылған.
🫂Балалар анықталған бойда интернат мекемелеріне емес, бірден отбасыларға жіберіледі. Бұл олардың отбасы жылуын сезінуіне мүмкіндік береді.
🗳️Айта кетейік, елімізде балаларды орналастырудың төрт түрі бар: асырап алу, қамқоршылық, патронат және қабылдаушы отбасы.

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/tarbagatay-roo/press/news/details/1011286?lang=kk


Комментарии

Жауап қалдыру

Сіздің электрондық пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Қажетті өрістер * белгісімен белгіленеді