ҚҰРЫЛЫС НЫСАНДАРЫНДАҒЫ ЖҰМЫСТАР САПАСЫ ТЕКСЕРІЛДІ

Жарияланды:

Автор:

категорияда
ҚҰРЫЛЫС НЫСАНДАРЫНДАҒЫ ЖҰМЫСТАР САПАСЫ ТЕКСЕРІЛДІ
Аудан әкімі Арман Сабитов аудандағы бірқатар құрылыс нысандарын аралап, атқарылып жатқан жұмыстардың барысын бақылап шықты.
Қазіргі таңда нысандарда жаяу жүргіншілер жолдары төселіп, жарық шамдары орнатылуда. Сонымен қатар, орындықтар қойылып, көгалдандыру жұмыстары да қатар жүргізіліп жатыр. Аудан басшысы жұмыс қарқынын бәсеңдетпеуді тапсырып, әрбір іс мұқият атқарылуы қажет, деді.
“Бұл нысандар – тұрғындардың күнделікті пайдалануына арналған маңызды орындар. Сондықтан барлық жұмыс халыққа қолайлы, қауіпсіз әрі сапалы болуы тиіс,” – деп атап өтті аудан әкімі. Жұмыстар толық аяқталған соң, олар заманауи талаптарға сай қызмет көрсететін қоғамдық кеңістіктерге айналмақ.
 

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/turkestan-sairam-audany/press/news/details/1011230?lang=kk


Комментарии

Жауап қалдыру

Сіздің электрондық пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Қажетті өрістер * белгісімен белгіленеді