
2025 ж. 26 мамырында Солтүстік Қазақстан облысының білім саласында сапаны қамтамасыз ету департаментінің басшысы Гүлнар Темірболатқызы Таласпаеваның бастамасымен және Мағжан Жұмабаев атындағы жоғары колледж ұжымының ұйымдастыруымен «Ұстаздық – ұлы есім» тақырыбындағы дөңгелек үстел өткізілді.
Жиынға СҚО мақтанышы, «Қазақстан Республикасының еңбек сіңірген ұстазы» мемлекеттік наградасының иегері, тәжірибелі педагог Айжан Бәйкенқызы Қапезова шақырылды.
Кездесу барысында колледж директоры Ерлік Жандильдин ардақты ұстазға Алғыс хат табыстады. Департамент басшысы Гүлнар Темірболатқызы гүлшоқтарын тарту етті.
Айжан Бәйкенқызы өз сөзінде 40 жылға жуық ұстаздық жолындағы бай тәжірибесімен бөлісіп, студенттер мен жас мамандарға құнды кеңестер берді.

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/control-sko/press/news/details/1004924?lang=kk
Жауап қалдыру