
1 маусым – Балаларды қорғау күніне орай Алға аудандық мәдениет, тілдерді дамыту, дене шынықтыру және спорт бөлімі, аудандық білім бөлімі және жастар ресурстық орталығының ұйымдастыруымен «Әкем тірегім – Анам жүрегім» атты отбасылық эстафеталық сайыс жоғары деңгейде өтті.
Сайыстың негізгі мақсаты – отбасылар арасындағы ынтымақтастықты нығайту, балалардың спортқа деген қызығушылығын арттыру, олардың дене белсенділігін дамыту және отбасылық құндылықтарды насихаттау болды.
Шара барысында 11 отбасыдан құралған команда 4 кезеңнен тұратын қызықты эстафетада бақ сынады. Қатысушылар шапшаңдық пен ұйымшылдықты, жанұялық жарасым мен ауызбіршілікті жоғары деңгейде көрсетті.
Сайыс қорытындысы бойынша:
І орын – Куржембаевтар отбасы
ІІ орын – Жұмағалиевтер отбасы
ІІІ орын – Сейітовтер отбасы иеленді.
Сондай-ақ барлық қатысушы отбасылар Алға ауданы әкімінің орынбасары Б. Кангужиннің Алғыс хаттарымен және бағалы сыйлықтармен марапатталды.
Аталған іс-шара отбасылық құндылықтарды дәріптеп, балалар мен ата-аналардың ортақ естелігін қалыптастырған әсерлі күн ретінде есте қалды.

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/aktobe-alga/press/news/details/1004816?lang=kk
Жауап қалдыру