САРЫАҒАШ: «БАЛДӘУРЕН»  ЖАЗҒЫ САУЫҚТЫРУ ОРТАЛЫҒЫНЫҢ ЖӨНДЕУ ЖҰМЫСТАРЫНЫҢ БАРЫСЫН БАҚЫЛАДЫ

Жарияланды:

Автор:

категорияда

 

 

Бүгін аудан басшысы Арман Абдуллаев  Қабланбек ауылдық округі, Ташқұлақ елді мекенінде орналасқан «Балдәурен» балаларды жазғы сауықтыру орталығына арнайы барып,  ағымдағы жөндеу жұмыстарының барысын бақылады.

 

Аралау барысында Арман Абдуллаев лагерьдің тұрмыстық және санитарлық-гигиеналық жағдайы, балалардың тамақтануы мен қауіпсіздік шараларын тексерді.  

 

Құрылыс алаңында болған аудан әкімі бірқатар ескертулер айтып, білім бөлімі мен мердігерлерге  жұмысты сапалы атқаруды, сондай-ақ балалардың  қауіпсіздігі басты назарда екенін қатаң ескертіп, құрылыс нормативін сақтай отырып, кестеге сәйкес аяқтауды тапсырды. Оған қоса, аудан басшысы  білім бөлімінің басшысының міндетін атқарушы Әшірбек Адеевке  балалардың бос уақытын тиімді ұйымдастыру, мәдени-спорттық іс-шараларды жүйелі түрде өткізу және тәрбие жұмыстарын күшейту бойынша бірқатар нақты тапсырмалар мен ұсыныстар берді.

 

Балаларға арналған жаздық сауықтыру орталығына биыл ағымдағы жөндеу жұмыстары жүргізілуде. “Балдаурен” балаларды сауықтыру лагері осы жылдың 5 маусымынан бастап 18 тамызға дейін 7 ауысым балаларды қабылдайтын болады. Бір ауысымның ұзақтығы – 10 күн.

Сарыағаш аудан әкімінің баспасөз қызметі

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/turkestan-saryagash/press/news/details/1004812?lang=kk


Комментарии

Жауап қалдыру

Сіздің электрондық пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Қажетті өрістер * белгісімен белгіленеді