23 мамыр күні қаламыздағы «Тау-кен техникалық колледжі»-нің базасында республикалық ғылыми-тәжірибелік конференция өтті.

Жарияланды:

Автор:

категорияда

23 мамыр күні қаламыздағы «Тау-кен техникалық колледжі»-нің базасында «Жұмысшы мамандықтар жылы» аясында «ХХІ ғасырдағы тау-кен ісі: технологиялар, перспективалар, білім беру» атты республикалық ғылыми-тәжірибелік конференция өтті.

Іс-шараның мақсаты – Қазақстан Республикасының тау-кен өндірісіне жоғары білікті мамандар даярлау бойынша тәжірибе алмасу.

Конференцияға Қазақстан мен Қырғызстан Республикасының техникалық және кәсіптік білім беру ұйымдарының инженер-педагог қызметкерлері мен студенттері қатысты.

Бағдарлама аясында әдістемелік презентация, салтанатты ашылу, секциялық отырыстар, қорытынды шығару және қатысушыларды марапаттау рәсімі өтті.

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/aqmola-stepnogorsk/press/news/details/1004660?lang=kk


Комментарии

Жауап қалдыру

Сіздің электрондық пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Қажетті өрістер * белгісімен белгіленеді