КӨМЕКТЕСУ ҮШІН БІРІГЕМІЗ!

Жарияланды:

Автор:

категорияда

30 мамыр күні Қазақстанның барлық ірі қалаларында бір мезгілде «ХАЛЫҚ ЗАҢГЕРІ» республикалық акциясы басталады!

Егер құқықтық мәселелер бойынша сұрақтарыңыз болса және кәсіби кеңес алғыңыз келсе — ҚР үздік сарапшыларынан тегін консультация алу мүмкіндігін жіберіп алмаңыз.

«Халық заңгері» — бұл мемлекеттік орган өкілдері, жетекші заңгерлер мен адвокаттар тарапынан халыққа тегін құқықтық көмек көрсету акциясы.

 Акция ҚР Үкіметінің қолдауымен өткізіледі. Ұйымдастырушылар:
– ҚР Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі
– ҚР Әділет министрлігі
– Zakon.kz желілік басылымы
– «Параграф» ақпараттық жүйесі
– Республикалық адвокаттар алқасы
– Мемлекеттік билік органдары
– Қазақстанның үздік заңгерлері мен адвокаттары

Семей қаласындағы акция өтетін орын:
Абай атындағы кітапхана, сағат 17:00-де

 Өз қалаңыздағы акция сарапшылары туралы ақпарат пен толық мәліметті мына сілтемеден таба аласыз:
https://lp.prg.kz/kk/narod-jur-2025/

Заңгерлік кеңеске мұқтаж барлық азаматтарды күтеміз!

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/abay-semey/press/news/details/1004271?lang=kk


Комментарии

Жауап қалдыру

Сіздің электрондық пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Қажетті өрістер * белгісімен белгіленеді