КӨШПЕНДІЛЕР РУХЫН ТІРІЛТКЕН КҮН

Жарияланды:

Автор:

категорияда
Өткен жексенбі күні Зертас ауылында ұлттық болмысымызды ұлықтаған “Көшпенділер ойыны” атты ерекше мазмұндағы іс-шара өтті. Бұл күн Наурыз мейрамымен үйлесіп, ауыл тұрғындары мен қонақтарына көтеріңкі көңіл күй сыйлады.
Іс-шараны ауыл жастары өз күштерімен ұйымдастырып, спорттың оннан астам түрі бойынша жарыстар өткізілді. Әсіресе ұлттық спорт түрлеріне басымдық беріліп, аударыспақ, садақ ату, арқан тарту, қол күрес, асық ату сияқты ойындар арқылы бабалар дәстүрі дәріптелді.
Арнайы тігілген ақ отауларда жайылған ұлттық дастархандарда қарын бүрме, жаужүрек, белкөтерер, ұлпершек сынды тағамдар ұсынылып, олардың әрқайсысы туралы арнайы әңгіме өрбіді. Қай кезде, кімге ұсынылатыны, мән-маңызы жұртшылыққа кеңінен таныстырылды.
Сондай-ақ киіз үй ішіндегі және маңындағы алаңда халқымыздың салт-дәстүрлері — босаға майлау, шөбере қолынан май жалау, бесікке салу, тұсау кесу сияқты ғұрыптар сахналанып көрсетілді. Бұл көріністер көрермендерге ұлттық құндылықтарымыздың маңызын тағы бір еске салды.
Кештің сәнін кіргізіп, белгілі әншілер өнерлерін ортаға салды. Көпшілікпен бірге ән шырқалып, би биленіп, шат-шадыман көңіл-күй орнады.
Осындай рухты, тағылымды шаралар әр ауылда жалғасын таба берсін.
#Зертас #КөшпенділерОйыны #ҰлттықМұра #Наурыз2025 #АманатТөлеби #МәслихатТөлеби
 
Аудандық мәслихаттың
төрағасы                                  Н.Қойбағаров

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/maslihat-tolebi/press/news/details/1004270?lang=kk


Комментарии

Жауап қалдыру

Сіздің электрондық пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Қажетті өрістер * белгісімен белгіленеді