ӨҢІР. БЮДЖЕТ. ДИАЛОГ.

Жарияланды:

Автор:

категорияда
Бүкіл республика бойынша мәслихат төрағаларымен бірге Қазақстан Республикасы Парламенті Сенаты жанындағы жергілікті өкілді органдармен (мәслихаттармен) өзара іс-қимыл жасау жөніндегі кеңестің кеңейтілген отырысына қатысу үшін Астана қаласына келдік.
Іс-шара екі күнге жоспарланған. Бүгін төрт секция бойынша түрлі тақырыптағы сессиялар өтуде.
Мен 1-секцияда – “Жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару бюджетінің қаржылық мүмкіндіктерін күшейту жөніндегі шаралар” тақырыбында, сондай-ақ 3-секцияда – “Өңірлердің экономикасы” мәселелері бойынша өтетін сессияға қатысып отырмын.
Аталған 1- сессияға ҚР Парламенті Сенатының Қаржы және бюджет комитетінің төрағасы С. Мәкежанов модераторлық етуде. Сонымен қатар, Сенат депутаты Б. Орынбасаров, Ұлттық экономика вице-министрі Б. Омарбеков және басқа да мемлекеттік органдардың өкілдері өз ой-пікірлерін ортаға салуда.
Айта кетерлігі, вице-министр Бауыржан Омарбеков мырзамен мен Төлеби ауданы әкімі қызметінде жүрген кезінде де осы тақырыптар төңірегінде талай рет пікір алмасқан болатынбыз. Көптеген мәселеде көзқарасымыз үйлесіп жататын. Бүгінгі пікірталас соның заңды жалғасы деуге болады.
Осындай диалог алаңдары тәжірибе алмасуға, ортақ шешімдер табуға, әрі өңірлердегі өзекті мәселелерді жоғары деңгейде көтеруге үлкен мүмкіндік береді.
#ПарламентСенат
#МәслихатТөлеби
#Өңірдідамыту
#Төртіншідеңгейдегібюджет
 
Аудандық мәслихаттың
төрағасы                                  Н.Қойбағаров

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/maslihat-tolebi/press/news/details/1004262?lang=kk


Комментарии

Жауап қалдыру

Сіздің электрондық пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Қажетті өрістер * белгісімен белгіленеді