
“AMANAT” партиясы Түркістан облыстық мәслихатындағы депутаттық фракциясының мәжілісі облыс әкімі Нұралхан Оралбайұлы Көшеровтың қатысуымен өтті.
Бұл жиынға біздер аудандық мәслихат депутаттары,бөлім басшылары және аудан әкімі өз орынбасарларымен. бейнеконференция арқылы қатыстық.
Күн тәртібінде “AMANAT” партиясының 2023-2027 жылдарға арналған “Халықпен бірге! ” сайлауалды бағдарламасының өңірлік Жол картасының орындалу барысы, алдағы кезеңдегі жоспарлар, мектеп құрылысы, апатты және үш ауысымды мектептер мәселесін шешу, Түркістан қаласының ерекше мәртебесіне сай дамуы сияқты маңызды мәселелер талқыланды.
Фракция отырысында атқарылып жатқан жұмыстармен қатар, шешімін күтіп тұрған мәселелер де кеңінен қозғалды. Әсіресе, білім беру саласына қатысты өзекті жайттар мен ұсыныстар ортаға салынды. Облыс әкімінің бірінші орынбасары Зұлпыхар Жолдасов ауыл шаруашылығындағы оң көрсеткіштерді атап өтіп, “Ауыл аманаты” бағдарламасын жүзеге асырудың маңызын атап өтті.
Айта кету керек, Жол картасының міндеттемелерін орындауда Төлеби ауданы алдыңғы қатарда екені де мәлімделді. Бұл – халықпен тұрақты байланыс пен жүйелі жұмыстың нәтижесі деп білемін.
Облыс әкімі Нұралхан Көшеров мәжіліс соңында барша әріптестерімізді облыс халқының әл-ауқатын жақсартуға бағытталған жұмыстарды бірлесіп атқаруға шақырды. Біз бұл аманатқа адал болуымыз керек.
Халық сенімі – үлкен жауапкершілік. Ендеше, әрбір уәде – нақты іске, әрбір бастама – шынайы нәтижеге ұласу керек.

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/maslihat-tolebi/press/news/details/1004260?lang=kk
Жауап қалдыру