Республикалық «Өрт-2025» командалық-штабтық оқу-жаттығу өтті

Жарияланды:

Автор:

категорияда

Өрт қауіпті кезеңдегі төтенше жағдайларды жоюға дайындық мақсатында 2025 жылғы 22-23 мамыр аралығында облыс аумағында республикалық «Өрт-2025» командалық-штабтық оқу-жаттығу өткізілді.

Оқу-жаттығудың мақсаты – төтенше жағдайларды жоюға күштер мен құралдардың дайындығын арттыру, табиғи сипаттағы төтенше жағдайға ден қою барысында уәкілетті органдар мен ұйымдардың басқару және өзара іс-қимыл алгоритмін пысықтау, құлақтандыру және байланыс жүйелерінің дайындығы, барлық деңгейлерде жедел кезекшілікті ұйымдастыруды, болжамды және диспетчерлік қызметтердің жұмысы, материалдық-техникалық, азық-түлік және медициналық резервтердің қорларын құруды тексеру болып табылады.

Оқу-жаттығуға облыс әкімдігі, орман шаруашылығы басқармасы және азаматтық қорғау уәкілетті орган қызметкерлері қатысты.

Практикалық бөдімге азаматтық қорғаудың барлық қызметтері тартылған болатын. Өртті сөндіру, тұрғындарды құлақтандыру және эвакуациялау бойынша іс-шаралар өткізілді. Зардап шегушіні шартты түрде жедел құтқару үшін авиация тартылды. Су беру жүзеге асырылды. Шатырлы лагерьлер құрылып, өрт сөндіру орындарында ыстық тамақ ұйымдастырылды.

Оқу-жаттығуға жеке құрамнан 153 адам және 33 бірлік техника жұмылдырылды.

БҚО ТЖД Баспасөз қызметі

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/emer-zko/press/news/details/1004125?lang=kk


Комментарии

Жауап қалдыру

Сіздің электрондық пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Қажетті өрістер * белгісімен белгіленеді