Ақмола облысының санитариялық-эпидемиологиялық бақылау департаментінде “Азық-түлікпен улану жағдайлары тіркелген кезде тергеп-тексеру жүргізу және донесениелер ұсыну қағидаларын” түсіндіруге арналған оқыту семинары өтті. Іс-шараның мақсаты — санитариялық қауіпсіздік және тағаммен улану жағдайларына тиімді ден қою мәселелері бойынша мамандардың құзыреттілігін арттыру.

Жарияланды:

Автор:

категорияда
Семинарға Ақмола облысы бойынша Ұлттық сараптама орталығы филиалдарының өкілдері, медициналық мекемелердің қызметкерлері және санитариялық-эпидемиологиялық бақылау аумақтық басқармаларының мамандары қатысты.
Семинар қатысушыларына департамент басшысының орынбасары Қанат Исқақов құттықтау сөз сөйлеп, тағамнан улану оқиғаларына уақытылы және сауатты әрекет етудің маңыздылығын атап өтті. Ол мамандардың біліктілігі халықтың денсаулығы мен қауіпсіздігіне тікелей әсер ететінін айтты.
Тергеп-тексеру жүргізу тәртібі бойынша жан-жақты түсініктемені департаменттің бас маманы Светлана Данчева ұсынды. Ол өз баяндамасында бастапқы ақпаратты жинаудан бастап қорытынды донесениені рәсімдеуге дейінгі негізгі кезеңдерге назар аударып, санитариялық-эпидемиологиялық қызмет қызметкерлерінің әрекетін реттейтін нормативтік-құқықтық базаға тоқталды.
Семинар барысында зертханалық зерттеулер мен санитариялық-эпидемиологиялық сараптама мәселелеріне, тағамнан улануға күдік туған жағдайда зерттеу жиілігіне және мұндай жағдайларда сараптамалар жүргізудің ерекшеліктеріне ерекше көңіл бөлінді.
Сондай-ақ зертханалық зерттеулер нәтижелерінің анықтығына және жалпы тергеп-тексерудің сәттілігіне тікелей әсер ететін сынамаларды іріктеу және оларды зертханаға жеткізу ережелері талқыланды.
Семинар ашық пікір алмасу форматында өтті, бұл қатысушыларға білімдерін жаңартуға ғана емес, сондай-ақ тәжірибе бөлісуге мүмкіндік берді.

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/departament-kkbtu-akmolinsk/press/news/details/1003943?lang=kk


Комментарии

Жауап қалдыру

Сіздің электрондық пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Қажетті өрістер * белгісімен белгіленеді