Ауыл шаруашылығы барлық елдің экономикасы үшін маңызды сала

Жарияланды:

Автор:

категорияда

⚜️23 мамырда Қарақия ауданының әкімі Сымбат Төретаев, жұмыс сапарымен Қарақия ауданына қарасты Сенек және Бостан ауылдарына барды. Бірқатар әлеуметтік нысанды аралап, елді мекен тұрғындарымен кездесті.

⚜️Сенек ауылында 1800-ден астам адам тұрады. Жалпы білім беретін мектеп, балабақша, дәрігерлік амбулатория және бірнеше кәсіпкерлік нысандар жұмыс істейді.

⚜️Сенекте 67 шаруа қожалығы, 288 жеке үй шаруашылығы  тіркелген.  Қазіргі таңда түйе – 4288, жылқы – 6692, сиыр – 1004, қой/ешкі – 12421 басты құрайды. Бұл көрсеткіш өткен жылдармен салыстырғанда мал басына өсім бар, бұған бірден – бір себеп мемлекеттік қолдаулар (субцидия).

⚜️Айта кетейік, аталған елді мекенде абаттандыру жұмыстары қарқынды жүргізілуде, оның ішінде орталық саябақ, ардагерлер үйіне жөндеу жұмыстары, балалар ойындары мен жаяу жүргіншілерге арналған жолдар салынып, үнемделген қаражат есебінен ауылішілік бейнебақылау камералары орнатылған.

⚜️Әкімнің жұмыс сапары 2100-ден астам адам тұратын Бостан ауылдық округінде жалғасты.

⚜️Ауылдық округ әкімі Шаттық Асановтың айтуынша, тұрғындар электр жарығымен, орталықтандырылған тұрмыстық газбен, ауыз сумен 100 пайызға қамтамасыз етілген.

⚜️Ауылда тұрғындарға қолайлы жағдай жасау мақсатында қосымша көше жарық шамдарын қою, орталық саябақтың құрылыс-монтаж, ашық спорт алаңдары салу, жаяу жүргіншілер жолын төсеу және жол белгілерімен кедергілер орнату жұмыстары жүргізілуде.

⚜️Сонымен қатар, жергілікті бюджеттен қаржыға қолдау табылып 2 құдық қазылып пайдалануға берілді.

 – Ауыл шаруашылығы барлық елдің экономикасы үшін маңызды сала.

Өңірімізде ауылдағы кәсіпкерлікті дамыту мақсатында мемлекет тарапынан қолайлы жағдайлар, субсидия және несие түрінде жан-жақты қолдау көрсетілуде., – деді Сымбат Төретаев.

⚜️Әкіммен кездесуге келген ауыл тұрғындары халықты жұмыспен қамту, медицина саласындағы кадр тапшылығы, ауылшаруашылығының жай-күйіне қатысты сауалдарын қойды.

Қарақия ауданы әкімдігінің баспасөз қызметі

ҚАРАҚИЯ АУДАНЫ ӘКІМДІГІНІҢ БАСПАСӨЗ ҚЫЗМЕТІ

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/akimat-karakiya/press/news/details/1003808?lang=kk


Комментарии

Жауап қалдыру

Сіздің электрондық пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Қажетті өрістер * белгісімен белгіленеді