
Бүгін, 2025 жылғы 12 маусымда «Қостанай облысы әкімдігінің білім басқармасы» ММ Қостанай облысы әкімдігінің «Техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білімі бар кадрларды даярлауға 2025-2026 оқу жылына арналған мемлекеттік білім беру тапсырысын бекіту туралы» қаулысының жобасын талқылау өтті.
Қостанай облысы Қоғамдық кеңесінің төрағасы С.Ш. Бектұрғанов жұмысшы кадрларды даярлауға мемлекеттік тапсырысты қалыптастыру қағидаттары, оның еңбек нарығының сұраныстарына сәйкестігі, облыс колледждерінде заманауи және жаңа кәсіптер бойынша мамандар даярлау жөніндегі білім беру бағдарламаларының болуы бойынша сұрақтар қойды.
Қоғамдық кеңестің мүшесі Н. А. Лапшина бірқатар кәсіптер бойынша, соның ішінде ауылдық жерлерде мамандар тапшылығының маңызды тақырыптарына назар аударды. Сондай-ақ, жаңа Салық кодексінің қолданысқа енгізілуіне байланысты қаржыгерлер мен бухгалтерлерге сұраныстың артуын болжау қажет екенін атап өтті.
Талқылау барысында қаулы жобасын әзірлеуші – «Қостанай облысы әкімдігінің білім басқармасы» ММ өкілдері білім басқармасы басшысының орынбасары – А.К. Бегатаров және білім басқармасының Техникалық және кәсіптік білім беру бөлімінің басшысы – Ж. С. Жумина түсініктеме берді.
Талқылау барысында колледж түлектерін жұмысқа орналастыру, өңірдің ауылдық аудандарындағы еңбек ресурстарының тапшылығы және техникалық және кәсіптік білім берудің басқа да мәселелерін шешу жолдары мәселелері қозғалды.
Кездесу қорытындысы бойынша Қоғамдық кеңес тиісті ұсынымдарды дайындап, мемлекеттік органдарға жібереді.

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/kostanai-oblys-apparaty/press/news/details/1017620?lang=kk
Жауап қалдыру