Жазғы демалыс қарсаңында Алматы облысының патрульдік полиция батальонының қызметкерлері жас полицейлермен бірге рейдке шығып, балаларға жеке қауіпсіздік пен жол қозғалысы ережелерін еске салу мақсатында арнайы шара өткізді.
Патрульдеу кезінде құқық қорғаушылар жолда кездескен балалармен қысқаша профилактикалық әңгімелер жүргізді. Ерекше көңіл күймен, ойын түрінде полицейлер балаларға жолды қалай дұрыс өту керектігін, жол бойында неге мұқият болу қажет екенін, сондай-ақ су айдындары мен ашық жерлерге жақын жерде не істеуге болмайтынын түсіндірді.
Балалардың білімін бекіту үшін полицейлер оларға шағын викториналар Білімдерін бекіту үшін полицейлер балаларға қарапайым сұрақтар – шағын викториналар қойды. Дұрыс жауап бергендер полицейлерден шағын сыйлықтар мен көптеген жағымды эмоцияларға ие болды.
– Балалар – қалалық қозғалыстың ең осал қатысушылары. Сондықтан, біздің міндетіміз – қауіпсіздік негіздерін жеткізу, – деп атап өтті тәртіп сақшылары.
Мұндай кездесулер – өңірдің барлық бөлігін қамтитын профилактикалық жұмыстың бір бөлігі. Полиция ата-аналарды да бұл іске белсенді араласуға, балаларымен бірге көшеде өзін-өзі ұстаудың негізгі ережелерін қайталап отыруға шақырады.
Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/mvd-alm/press/news/details/1003756?lang=kk
Жауап қалдыру