Медицина қызметкерлері күніне орай алғыс хаттар табысталды

Жарияланды:

Автор:

категорияда

Медицина қызметкерлері күніне орай Теректі ауылдық округінің әкімі ауылдық амбулаторияның қызметкерлерін арнайы алғыс хатпен марапаттады.

Салтанатты жиында округ әкімі ақ халатты абзал жандардың денсаулық сақтау саласына қосқан үлесін атап өтіп, кәсіби мерекелерімен құттықтады.
«Сіздердің күнделікті атқаратын жауапты қызметтеріңіз – тұрғындар өмірі мен денсаулығының кепілі. Еңбектеріңізге шынайы алғыс білдіремін», – деді ол өз сөзінде.

Амбулатория ұжымы көрсетілген құрметке ризашылық білдіріп, алдағы уақытта да елге адал қызмет ететіндерін жеткізді.

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/zhetysu-alakol-terekti/press/news/details/1017837?lang=kk


Комментарии

Жауап қалдыру

Сіздің электрондық пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Қажетті өрістер * белгісімен белгіленеді