
Түркістан облысы ТҚК үйлестіруімен Сауран аудандық білім бөліміне қарасты А. Байтұрсынов атындағы жалпы орта мектебінде мұғалімдермен «Радикалды діни ағымдарға жол жоқ» тақырыбында кездесу өтті.
Түркістан облысы дін істері басқармасы «Дін мәселелерін зерттеу орталығы» КММ-нің «Ақпараттық-түсіндіру жұмыстарын ұйымдастыру» бөлімінің басшысы Республикалық ақпараттық түсіндіру тобының мүшесі, дінтанушы Қ.Салықбаев қатысқан іс шара – жасөспірімдер мен мұғалімдерді экстремистік идеологиялар мен зорлық-зомбылықтың зияны туралы ақпараттандыру, сондай-ақ, оларда толеранттылық, құрмет және бейбітшілік рухында тұлғаның үйлесімді дамуына ықпал ететін құндылықтарды қалыптастыру мақсатында өткізілді.
Кездесу аясында қатысушылар экстремистік топтардан туындайтын негізгі қауіптермен танысып, экстремистік идеологияға тартудың құқықтық және әлеуметтік салдары туралы ақпарат алды.
Сонымен қатар, іс-шараға қатысушы мұғалімдер жастармен әрі қарай жұмыс істеуге, олардың кәсіби білім алуларына көмектесетін пайдалы материалдар алды.
Кездесу қорытындысы бойынша, қатысушылар тарапынан қызықтырған сұрақтар қойылып, теолог-маман тарапынан жауаптар берілді.
Жиынға барлығы 150-ге жуық қызметкерлер қатысты.
Материал Түркістан облысы бойынша
ТҚК аппаратының ақпараты негізінде дайындалды

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/antiterrosticheskiy-centr/press/news/details/1017949?lang=kk
Жауап қалдыру