
Алматы облысының Дін саласындағы мәселелерді зерттеу орталығы терроризм мен экстремизмге қарсы іс-қимыл тақырыбында спортшыларға арналған профилактикалық іс-шара ұйымдастырды.
Іс-шараның басты мақсаты – жастар арасында құқықтық сауаттылықты арттыру және сыни ойлау қабілетін дамыту. Бұл – радикалды ұйымдарға тартылудың алдын алудағы маңызды қадамдардың бірі.
Кездесуге «Жігер» спорт кешенінің спортшылары қатысты. Негізгі спикер ретінде ақпараттық-түсіндіру тобының мүшесі, дінтанушы Сәрсенбаев Руслан Мейіржанұлы сөз сөйледі. Ол радикалды идеологияның белгілері, экстремистік ұйымдардың қолданатын манипуляциялық әдістері және оларды тану жолдары туралы кеңінен айтып берді.
Спикер әсіресе интернет пен әлеуметтік желілер арқылы таралатын ақпаратқа сыни көзқараспен қараудың маңыздылығын атап өтті. Себебі мұндай платформаларда радикалды топтардың белсенділігі жоғары. Сондай-ақ, қатысушыларға идеологиялық қысым немесе вербовка әрекеттерімен бетпе-бет келген жағдайда не істеу керектігі жөнінде нақты ұсыныстар берілді.
Жастар, соның ішінде спортшылар арасында өткізілетін мұндай алдын алу шаралары қоғамдық қауіпсіздік пен құқықтық сауаттылықты қамтамасыз етудегі мемлекеттік саясаттың маңызды құрамдас бөлігі болып табылады.
Материал Алматы облысының ТҚК мәліметі негізінде дайындалды

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/antiterrosticheskiy-centr/press/news/details/1017987?lang=kk
Жауап қалдыру