Сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдау қорытындысына жария талқылау жүргізілді

Жарияланды:

Автор:

категорияда

Сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдау қорытындысына жария талқылау жүргізілді

 

2025 жылғы 13 маусымда Жітіқара ауданының қоғамдық кеңесі мүшелерінің қатысуымен мемлекеттік мекемелерде өткізілетін сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдаулардың қорытындысын жария талқылау өтті. Ауданның ақсақалдар кеңесі мүшелері жанында.

Ішкі талдаулардың қорытындысын жария талқылауды жүргізу жөніндегі талап Қазақстан Республикасы Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі Төрағасының 2023 жылғы 16 қаңтардағы №21 бұйрығымен бекітілген Сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдауларды жүргізудің үлгілік қағидаларында белгіленген.

Мемлекеттік мекемелердің өкілдері қоғамдастық өкілдерін ішкі талдау жүргізу барысы, қандай салалар талданғаны, қандай проблемалық сәттер мен тәуекелдер анықталғаны туралы хабардар етті.

Талдау қорытындысы бойынша материалдар аудан әкімдігінің сайтында «Сыбайлас жемқорлықтың алдын алу» бөлімінде орналастырылады. 

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/kostanai-zhitikarin-audany-akimat/press/news/details/1017897?lang=kk


Комментарии

Жауап қалдыру

Сіздің электрондық пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Қажетті өрістер * белгісімен белгіленеді