
2025 жылғы 13 маусымда Шығыс Қазақстан облысының Дін мәселелерін зерттеу орталығының мамандары Өскемен қаласы ішкі саясат бөлімімен бірлесіп, Өскемен қаласы әкімдігінің «Өскемен Водоканал» шаруашылық жүргізу құқығындағы мемлекеттіқ коммуналдық кәсіпорыны ұжымымен «Конфессияаралық және ұлтаралық саясат» тақырыбында кездесу өткізді.
Кездесу барысында Қазақстан Республикасының «Діни қызмет және діни бірлестіктер туралы» заңының нормалары түсіндіріліп, конфессияаралық және ұлтаралық саясат мәселелері талқыланды.
Іс-шара ашық диалог форматында өтті, онда қатысушылар өзекті сұрақтарға жауап алып, діни қызмет саласындағы білімдерін арттырды.

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/vko-oskemen/press/news/details/1017894?lang=kk
Жауап қалдыру