
Атырауда 9-13 маусым аралығында қыз-келіншектерге арналған «TOMIRIS» ақпараттық-білім беру бағдарламасы өтті. Биыл жобаға қоғамдық өмірде белсенді, түрлі салада еңбек етіп жүрген қыз-келіншектерден 129 өтінім түсіп, 50 қатысушы іріктеліп алынды.
5 күндік бағдарлама аясында қатысушылар көшбасшылық дағдыларды меңгеріп, еліміздің жетекші сарапшылары өткізген семинар-тренингтерге қатысты.
Семинар барысында іскерлік коммуникация, келіссөздер жүргізу, қаржылық сауаттылық, тайм-менеджмент, жобалық менеджмент және көшбасшылық әлеуетті дамыту сынды өзекті тақырыптар қамтылды. Жоба соңында барлық қатысушыға арнайы сертификаттар табысталды.
Айта кетейік, жобаны облыстық Ішкі саясат басқармасы мен Атырау облысы әкімінің жанындағы Әйелдер істері және отбасылық-демографиялық саясат жөніндегі комиссияның қолдауымен, «Шаңырақ-2008» қоғамдық бірлестігі ұйымдастырды.

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/atyrau-sayasat/press/news/details/1017883?lang=kk
Жауап қалдыру