
ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі (бұдан әрі – ЕХӘҚМ) Мемлекеттік әлеуметтік сақтандыру қорынан (бұдан әрі – МӘСҚ) төленетін кейбір әлеуметтік төлемдерді тағайындау, тағайындаудан бас тарту, қайта есептеу, тоқтата тұру және тоқтату процестерін автоматтандыру бойынша пилоттық жобаны іске қосуға бастамашылық етуде. Жоба туралы ақпарат «Ашық НҚА» порталында 2025 жылдың 27 маусымына дейін қоғамдық талқылау үшін орналастырылған.
Жобада мемлекеттік қызметтерді көрсету мерзімдерін қысқарту мақсатында МӘСҚ филиалдарының қызметкерлерін шешім қабылдаудан шеттету көзделген, бұл алушылардың шотына ақшалай қаражатты аударуды жеделдетуге мүмкіндік береді, әлеуметтік төлемдерді уақтылы тоқтата тұруды және тоқтатуды қамтамасыз етеді.
Айта кетерлігі, пилоттық режимде тек «Электрондық үкімет» және «Электрондық еңбек биржасы» порталдары арқылы келіп түскен электронды өтініштер, екінші деңгейдегі банктердің өтініштері және проактивті форматта әлеуметтік төлемдерді тағайындау қызметтері келісілген өтініштер қаралатын болады.
Бұл ретте өтініш берушілер белгілі бір критерийлерге сәйкес келуі тиіс: тек бір төлеушіден (ЖК, шаруа қожалығының басшысын, жеке практикамен айналысатын адамды қоспағанда) әлеуметтік аударымдардың түсуі, оларды уақтылы төлеу (есеп берілетін айдан кейінгі екінші айдың 5-күнінен кешіктірмей), әлеуметтік аударымдар бойынша қызметкердің ай сайынғы табысының міндетті төлемдер бойынша ай сайынғы табысқа сәйкес келуі, сондай-ақ қажетті мәліметтерді алу үшін цифрландырылған құжаттардың толық пакетінің болуы және басқалар.
Жоғарыда аталған критерийлер бизнес-процестерді оңтайландыру мен автоматтандырудың тиімділігін анықтауға көмектеседі.
Пилоттық жобаның басталуы туралы қосымша хабарланатын болады.
Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/enbek/press/news/details/1017879?lang=kk
Жауап қалдыру