
Халықаралық донор күнін мерекелеу аясында Ақмола облысы Әділет департаментінің қызметкерлері Қайырымдылық донорлық акцияға қатысып, Көкшетау қаласының қан орталығында қан тапсырды.
Қатысушылар арасында құюға мұқтаж пациенттерге көмек көрсету үшін тұрақты негізде қан тапсыратын құрметті донорлар бар. Мұндай акцияларды өткізу ерікті донорлық мәдениетін дамытуға және өзара көмек пен ынтымақтастықтың қоғамдық құндылықтарын нығайтуға ықпал етеді.
Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/adilet-akm/press/news/details/1018013?lang=kk
Жауап қалдыру