
15 маусым жексенбіде Глубокое кентiнде Әкелер күніне орай аудандық жарыстар өтті!
Мереке отбасыларды біріктіріп, қуанышқа, спорттық құмарлыққа және жылы сәттерге толы тамаша күн сыйлады. Әкелер балаларымен бірге көңілді эстафеталарға, арқан тартуға, футбол матчтарына және басқа да қызықты жарыстарға қатысты.
Барлық қатысушылар нағыз командалық бірлікті, күш-жігер мен сүйіспеншілікті көрсетті, ал көрермендер оларды қызу қолдады.
Жеңіс – достық пен отбасылық бірлікте болды! Осындай жарқын әрі есте қаларлық күнге үлес қосқан баршаға алғысымызды білдіреміз!

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/vko-glubokoe/press/news/details/1017858?lang=kk
Жауап қалдыру