
Бүгін Қарағандыда мемлекеттік қызметшілер арасында мерейтойлық, XXV облыстық спартакиада басталды.
Біріншілікке жергілікті атқарушы органдардың 200-ге жуық қызметкері-қалалар мен аудан әкімдіктерінің командалары, сондай-ақ аймақтық іріктеу кезеңдерінде спорт түрлері бойынша бірінші орын алған басқармалар қатысады.
Жарыс бағдарламасында: волейбол, шағын футбол, жүзу, үстел теннисі, қазақ күресі, шахмат, тоғызқұмалақ, арқан тарту, 3×3 баскетбол сияқты спорт түрлері бар.
— Салауатты өмір салты мен спорт Қазақстанда біріктіруші күш пен ұлттық идеяға айналды. Мемлекет саясатының стратегиялық бағыттарының бірі бұқаралық спорттық қозғалысты кеңейту болып табылады. Мемлекеттік қызметкерлер арасындағы Спартакиада – бұл іске асырып жатқан міндетімізге қосатын нақты үлес. Себебі, мемлекеттік қызметкерлердің беделі жақсы дене шынықтырумен және салауатты өмір салтымен тығыз байланысты болуы тиіс, — деді, жарыстың ашылуында Қарағанды облысының дене шынықтыру және спорт басқармасы басшысының орынбасары Дәурен Есімханов.
Спартакиада қорытындысы бойынша өңіріміздің құрамасы құрылады.
Команда 10—17 маусым аралығында Өскеменде өтетін республикалық біріншілікке қатысатын болады.
Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/karaganda/press/news/details/1003727?lang=kk
Жауап қалдыру