Барлық деңгейдегі ауыл әкімдерінің есеп беруі Құланды ауылдық округінде өтті.

Жарияланды:

Автор:

категорияда

⚜️Тұрғындармен кездесу Құланды ауылында жалғасын тапты. 2025 жылдың 5 айында атқарылған жұмыстар бойынша Құланды ауылдық округінің әкімі Оразғали Бекенбаев есеп берді.

⚜️Ауылды көгалдандыру  және абаттандыру жұмыстары  бойынша Қазақтелекомның теңгеріміндегі ескі бағаналарға демонтаж жұмыстары жүргізіліп, бағаналары алынды. Құланды ауылынан – Құланды стелласына дейінгі ара қашықтықты көше шамдарымен жарықтандыру мәселесі бойынша 29,4 млн теңгеге келісім шарт жасалып, аталған мекеме өз жұмысын бастады. Көше тазалығының жұмыстарын 2025 жылға«АрыстанСтрой-17»ЖШС мен 13,3 млн теңгеге келісім шарт жасақталып, тазалық жұмыстарын  атқарып келеді. Жыл басынан бері «Таза Қазақстан» акциясы аясында С.Бегендікұлы көшесінің тұрғындары көшелерінде орналасқан қоршауға өз қаражаттары есебіне  54 туя ағашын отырғызды, ауыл ішіне 180 ағаш, сонымен қатар Т.Балтабасұлы және А.Керейұлы көшелерінде орналасқан балалар ойын алаңдарына 150-ге жуық ағаштар егілді. Сметалық құны 13,7млн. теңгені құрайтын Т.Балтабасұлы көшесінен ашық спорт алаңы салынды. 

⚜️Сонымен қатар, жоспарлардың 95% жүзеге асып, халықтың сұранысы толық өтелген. Тұрғындар тарапынан көтерілген жол мәселесі оң шешімін тауып, ауылдың тазалық жұмыстары екі есеге артқан.

– Құланды ауылы қаражат игеру бойынша ауданда көш бастауда. Жұмыстың қарқыны өте жақсы. Бүгінгі кездесуде тұрғындардың ыстық ықыласын көріп, жүрегім жайлануда. Үлгілі ауыл атануға лайықты, жоғары деңгейлі ауыл десек те артық етпес,- деді аудан басшысы.

⚜️Жиын барысында тұрғындар жаңадан келген дәрігерге алғысын білдіріп, үлкен сенім артты. Есеп соңында қорытынды ретінде ауыл ақсақалдары бір ауыздан алғысын білдіріп, жүрек жарды тілектерін жаудырды.

⚜️Айта кетейік, Құланды ауылы абаттандыру және білім саласында алдыңғы қатарда көш бастап тұр.

Қарақия ауданы әкімдігінің баспасөз қызметі

 

 

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/akimat-karakiya/press/news/details/1003713?lang=kk


Комментарии

Жауап қалдыру

Сіздің электрондық пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Қажетті өрістер * белгісімен белгіленеді