
Бүгін Жетісу облысында табиғи өрттерге ден қою бойынша азаматтық қорғау күштерінің дайындығын арттыру мақсатында «Өрт-2025» республикалық командалық-штабтық оқу-жаттығуларының кезеңі өтті.
Оқу-жаттығу барысында орман алқабындағы шартты өртті* оқшаулау және сөндіру іс-қимылдары пысықталды. Әуе және жерүсті техникасы, жедел қызметтердің жеке құрамы жұмылдырылды. Негізгі назар ТЖД бөлімшелері, жергілікті атқарушы органдар, орман шаруашылығы, медицина қызметі және ерікті құрылымдар арасындағы өзара іс-қимылға аударылды.
Іс-шара ТЖМ бақылауымен өтіп, 2025 жылғы өрт қауіпті маусымға кешенді дайындық деңгейін бағалауға мүмкіндік берді.
*Ескерту: оқу-жаттығу барысында ашық от пайдаланылған жоқ – түтін эффектісі үшін қоршаған ортаға зиянсыз арнайы кәсіби түтін шашкалары қолданылды.
Жетісу облысы ТЖД баспасөз қызметі

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/emer-zhetisu/press/news/details/1003486?lang=kk
Жауап қалдыру